2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖылдың ең ірі астероидтарының бірі – 2025 FA22 – 18 қыркүйекте Ай орбитасының диаметрінен сәл ғана үлкен қашықтықта Жердің жанынан өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ресей ғылым академиясының Ғарыш зерттеулері институтының Күн астрономиясы зертханасы мәліметінше, астероидтың орташа ені – 166 метр, ұзындығы – 290 метр. Салмағы шамамен Челябі метеоритінен (7-13 мың тонна) мың есе ауыр.
Көлемді ғарыш тасы Жерге ертең, шамамен сағат 12:00-де (Астана уақытымен) барынша жақындайды.
Ғалымдардың айтуынша, оның Жерге соғылу ықтималдығы өте төмен. Қазіргі траекториясы өзгеріссіз қалса, астероид Жер мен Айды жанап өтеді.
Бұл – 2025 жылы планетаға 1 миллион шақырымнан аз қашықтықта өтетін ең ірі астероид.
Зерттеулерге сәйкес, 2025 FA22 Жер маңынан ара-тұра өтіп тұрады. Соңғы рет осындай жағдай 1940 жылдың 17 қыркүйегінде тіркелген. Енді ол 2173 жылдың қыркүйегінде қайталанбақ.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс