28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2025 жылдың жазында Жер өз осінен айналу жылдамдығын арттырды. Соның салдарынан шілде мен тамыз айларындағы кейбір күндер бірнеше миллисекундқа қысқарған, әлі де қысқарады. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Адам мұндай өзгерісті байқай қоймайды, алайда бұл құбылыс спутниктік навигациядан бастап, цифрлық жүйелердегі уақытты дәл синхрондауға дейінгі жоғары дәлдік талап ететін технологиялар үшін өте маңызды.
АҚШ-тың Әскери-теңіз обсерваториясы мен Жердің айналу қызметі жөніндегі халықаралық ұйым 10 шілде күні тәуліктің 1,34 миллисекундқа қысқарғанын мәлімдеді – бұл биылғы жылдың рекорды. Ғалымдардың болжауынша, жаздың екінші жартысында күндер одан да қысқа болуы мүмкін.
Планетаның айналу жылдамдығына ядро мен мантиядағы массалардың қозғалысы, атмосфералық құбылыстар, Айдың тартылыс күші сынды күрделі процестер әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша, соңғы онжылдықта айналудың үдеуі жиілеп барады: егер 1970-1990 жылдары тәуліктер жиі ұзарса, 2020 жылдан бері қысқа күндер жиі кездесуде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?