Бүгiн, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Ауыл шаруашылығы мен қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының шамадан тыс тартылуы Жердің айналу осіне әсер еткен. Ғалымдар мәліметінше, планетаның айналу полюсі шамамен 80 сантиметрге ығысқан.
Popular Mechanics журналының жазуынша, 1993-2010 жылдар аралығында адамзат жер қойнауынан шамамен 2150 гигатонна жер асты суын өндірген. Бұл Жердегі массаның таралуына айтарлықтай әсер еткен.
Зерттеушілердің түсіндіруінше, судың да белгілі бір салмағы бар. Сондықтан массаның ауқымды көлемде бір жерден екінші жерге ауысуы планетаның айналуына ықпал етеді. Жер асты сулары тартылып, кейін өзендер мен мұхиттарға жеткен кезде Жердегі салмақтың таралуы өзгереді.
Сонымен қатар жер асты суларының азаюы дүниежүзілік мұхит деңгейінің шамамен 6,2 миллиметрге көтерілуіне себеп болған. Зерттеу жетекшісі, геофизик Ки-Вон Соның айтуынша, климаттың өзгеруіне байланысты процестердің ішінде жер асты суларының қайта бөлінуі Жер осінің ығысуына ең көп әсер еткен факторлардың бірі саналады.
Ғалымдар жүргізген модельдеу нәтижесі өзгерістердің басым бөлігі Солтүстік Американың батыс бөлігінде және Үндістанның солтүстік-батысында жер асты суларының сарқылуынан болғанын көрсетті.
Мамандардың айтуынша, орта ендіктердегі судың орын ауыстыруы Жер полюстерінің орналасуына көбірек әсер етеді. Себебі бұл құбылыс планетаның айналу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Жалпы полюстердің қозғалысына жер асты сулары, мұздықтар, мұз қалқандары және Жер қойнауында жүретін процестер секілді көптеген фактор ықпал етеді.
Ғалымдар Жер осінің ығысуы адамдардың күнделікті өміріне тікелей әсер етпейтінін айтады. Алайда жер асты суларының сарқылуы әлдеқайда күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Олардың қатарында:
Зерттеушілер бұл үдерісті тоқтатуға болатынын да атап өтті. Ол үшін су ресурстарын тиімді басқару, жер асты су қорларын жасанды түрде толықтыру және жаңа су саясатын енгізу қажет.
Бүгiн, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін