6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖердегі тәуліктердің ұзақтығы біртіндеп артып келеді. Бұған Айдың біздің планетадан біртін-біртін алыстап бара жатқаны себеп. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
АҚШ-тағы Мичиган штаты университетінің физика және астрономия саласының зерттеушісі Стивен ДиКербтің айтуынша, болашақта тәуліктің ұзақтығы 25 сағатқа дейін жетуі ықтимал.
Ғалымның сөзінше, Ай алыстаған сайын Жердің айналу жылдамдығы баяулайды. Сол себепті шамамен 70 миллион жыл бұрын Жердегі тәулік ұзақтығы қазіргідей 24 сағат емес, 23,5 сағат болған.
Жылына 1,5 дюймге (3,8 см) алыстау – Ай мен Жер арасындағы 384 мың шақырым қашықтықпен салыстырғанда небәрі 0,000000001 пайыз ғана, – деп нақтылады ДиКерб.
Оның айтуынша, адамдар ешқашан 49 сағаттық тәулікті көрмейді, себебі ол үшін бірнеше миллион жыл қажет болады.
Сонымен қатар, ғалымның болжамынша, шамамен 1 миллиард жылдан кейін Күннің өзі Жерді де, Айды да жойып жіберуі мүмкін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі