29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыMeteoagent мәліметінше, сейсенбі, 22 шілде күні Жерде магниттік дауыл басталып, 23 шілдеде күшейе түседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін, 22 шілдеде, магниттік дауылдың қуатын көрсететін К-индекс шамамен 1,7 болады. Бұл – әлсіз магниттік белсенділік. Бірақ 23 шілдеде оның мәні 3,7-ге дейін көтеріледі. Сондықтан метеосезімтал адамдар оның әсерін сезінуі мүмкін.
Geomagnetism порталы да алдағы күндері Күннің Жерге әсері артады деп болжайды. Қазір күн желінің жылдамдығы қалыпты деңгейге жақын. Алайда 22-23 шілде аралығында көрсеткіш артып, бұл өз кезегінде геомагниттік белсенділіктің G1 деңгейіндегі дауылға дейін күшеюіне әкелуі мүмкін.
G-индекс – магниттік дауылдардың күшін сипаттайтын бес балдық шкала. Ол геомагниттік дауылдың адамдарға, жануарларға, электр құрылғыларына, байланыс пен навигацияға әсерін бағалауға көмектеседі. Бұл шкала бойынша магниттік дауылдар G1 (әлсіз)-ден G5 (өте күшті)-ге дейін бөлінеді.
Магниттік дауылдардан қалай қорғануға болады – мамандар кеңесі:
Ұйқы режимін қадағалау – бір уақытта ұйықтап, жеткілікті ұйықтау;
Стресті азайту – шамадан тыс жұмыс, жанжал және мазасыз ақпараттан аулақ болу;
Алкоголь мен кофеиннен бас тарту – олар жағымсыз белгілерді күшейтуі мүмкін;
Ашық ауада уақыт өткізу – әсіресе жеңіл серуен пайдалы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек