23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді23 сәуір күні елордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Жер күніне орай мыңнан астам ағаш отырғызылады. Олардың қатарында Сиверс алмасы, емен, қызыл шетен, ақ қайың, сібір шыршасы, ақ тал, пирамидалы терек, қызылтал, сондай-ақ, бальзам иісті терек ағашы бар.
– Дала өсімдіктері көп өсетін біздің далаларда ағаш аз. Сондықтан, жастарды ағаш отырғызуға шақырамыз. Ағашты неғұрлым көп отырғызсақ, ауа соғұрлым таза болады, – дейді «Тұрақты даму» Жер қорының биологы Валентина Ободовская.
Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылы 19 сәуірде өткізілді. Биылғы акция «Барыс-Арена» мұз айдыны жанында өтеді. Айта кетейік, биыл қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары Астананың үш ауданында жүргізіледі. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні Астанада 16 мыңнан астам ағаш егіледі.
Қазір көгалдандыру объектілерінде тиісті орындар дайындалып, көшеттер қойылды, инерттік материал (құнарлы жер, топырақ, қара топырақ) қажетті мөлшерде әкелінді. Орынбор көшесінде және «Арай» паркінде, Ақыртас, Ғабдуллин, Уәлиханов көшелерінде, Тілендиев даңғылында және т.б. жерлерде жаппай ағаш отырғызылады.
Әзірлеген – Айбота Өтеулі
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады