6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАуыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті 2020 жылғы 1 қазандағы №301 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер учаскелерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, өзгерістер республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар қалалардан жер учаскелерін беру тәртібі көзделген 17-қосымшаға қатысты. Қосымшада ортақ үлестік меншікке немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығына үлестерді ресімдеу тәртібі нақты көрсетілген.
Аталған нормаларды енгізу — жер учаскелерін үлестік қатысу арқылы ресімдеу кезінде өтініш берушілер тап болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Процестер оңтайландырылып, әрі қарай автоматтандыруға бейімделген. Бұл рәсімдердің ашықтығын арттырып, құжат ресімдеу үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы мемлекеттік тіркеу сатысында. Тіркеу рәсімі аяқталып, ресми түрде жарияланғаннан кейін бұйрық он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі