Жер сілкінісінен зардап шеккендер бар – Смайылов

23 Қаңтар, 10:34 1445

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов оқиғаға байланысты ТЖМ қызметтері жағдайды бақылауда ұстау қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы қаза тапқандар мен қатты зардап шеккендер жоқ екенін тілге тиек етті.

Бірақ зардап шеккендер бар. Нақты ақпаратқа сүйенбей, адамдар дүрбелеңге ұшырады. Олар 2-3-қабаттан секірген кезде зардап шекті. Бұл халыққа мүмкіндігінше ертерек хабарлау және хабарламалар жіберу үшін ескерту жүйелерін уақтылы қосу қажет екенін көрсетеді. Мұндай жағдайларда азаматтардың іс-әрекеттерінің реттілігі туралы нақты хабарлау қажет. Барлық сейсмикалық қауіпті аймақтарда жаттығулар жиі өткізілуі керек деп санаймын. Халық іс жүзінде іс-қимыл алгоритмін білуі керек, – деді премьер-министр.

Оқи отырыңыз:

Астаналықтар неліктен жер сілкінісін сезінді? Министр жауап берді

Отандық ғалым онкологияға қарсы дәріні ойлап тапты

Киіктің етінен жасалған консерві Леонардо Ди Каприоға жіберіле ме? Министрдің жауабы

 

Сонымен қатар Әлихан Смайылов осыған байланысты бірқатар тапсырма берді.

Өңірлердің әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуі тиіс. Жақын арада жедел ден қою үшін басқару органдары мен азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғалардың басқару пункттеріндегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық ұйымға қатысты. Ол үшін сейсмикалық қауіпті өңірлерде азаматтық қорғау жүйесін жоғары дайындыққа көшіру қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігі зардап шеккендердің емделуі үшін қажетті шаралар қабылдасын, – деді.

ТЖМ қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс екендігін, соның ішінде жер сілкінісінің эпицентрлері орналасқан көрші мемлекеттер арасында нақты өзара іс-қимыл жасау керегін тілге тиек етті.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: