Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Түркияда жер сілкінісі кезінде құлап қалған үйді салған мердігер компания басшысы Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркиядан бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі болып жатыр.
Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан болатын. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қайтыс болған. Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Демирердің ұлы да жер сілкінісі кезінде үйлердің құлауынан қаза тапты. Сот осы мән-жайды ескеріп, мердігерге берілген мерзімді қысқартты, - делінген Anadolu агенттігінің ақпаратында.
Прокурор қорытындысында айыпталушы көппәтерлі тұрғын-үй салу кезінде стандарттарға сәйкес міндеттемелерді орындамағаны анықталғанын және кінәлі деп танылғанын мәлімдеді.
Еске салайық, 2023 жылы 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі орын алған болатын.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 мыңнан асты.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді