6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖойқын жер сілкісінінен соң арада бес күн өткенде Мьянмадағы қонақүйдің үйінділер астынан ер адам шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26 жастағы ер адам ел астанасы Нейпьидодағы ғимараттың қирандыларының арасынан табылды. Оны Мьянма мен Түркияның құтқарушылар тобы түн ортасында анықтаған.
Кадрдан құтқарушылардың үйінді аршып, ер адамды жер бетіне алып шығып жатқанын байқауға болады. Ол 7,7 балдық жер сілкінісінен бес күн өткенде яғни, 100 сағаттан аса уақыттан соң құтқарылып отыр.
Зілзала салдарынан 2700-ден астам адам қаза тапты, жергілікті билік көз жұмғандар саны 3 мыңнан асады деп болжап отыр.
Жер сілкінісінің эпицентріне жақын орналасқан Мандалай мен Сагайн қалаларында аман қалғандар көшеде түнеуге мәжбүр. Қираған ғимараттардың астында қалған мәйіттердің жағымсыз иісі бүкіл апат аймағына таралуда. Су, азық-түлік және дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалуда, ал мамыр айында муссондық жаңбыр басталуы мүмкін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі