Жер сілкінісі болған өңірлер аталды

23 Қаңтар, 10:19 2205

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов сағат 07:00-дегі жедел жағдай бойынша 3 сейсмикалық оқиға тіркелгенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жер сілкінісі Алматы қаласында - 5, Шымкент қаласында - 2, Жамбыл облысында - 2-3 және Жетісу облысында - 4 балл. Алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы болмаған. Аталған қалаларда жер сілкінісі 00:09 сағат, 00:42 және 01:36 сағат аралығында болған.

Оқи отырыңыз: 

ҚазҰУ-дағы жер дауы: министрлік Құлыбаевпен бір шешімге келе алды ма?

Заңды бұзған ЖОО-ға лицензия берілмейді – Саясат Нұрбек

Министр тілшілерге иіссу таратты

ТЖ министрінің төрағалығымен Төтенше жағдайлар министрлігінде Республикалық жедел штаб құрылды, осындай штабтар аумақтарда жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтарымен жедел желі телефондары ұйымдастырылды. Өңірлердегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді, командалық-штабтық машиналар орналастырылды, құтқару бөлімшелерінің топтары және халықты хабардар ету жүйесі ден қоюға дайын, – деді ТЖМ басшысы.

Оқиғаға байланысты Алматы қаласында зардап шеккен халықты қабылдау пункттері іске қосылды және олар барлық өңірде бар екені айтылды.

Сейсмикалық болжау комиссиясының өткізілген отырысына сәйкес Алматы қаласының аумағында қатты және жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Осыған байланысты өңірлердің тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуін және тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймын. Қазіргі уақытта өңірлерде ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде қорғаныш гидротехникалық объектілердің ықтимал бұзылуына комиссиялық тексеру жүргізілуде, – деді Сырым Шәріпханов.

Айта кетейік, бүгін түнде Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: