22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі бүгін Цифрлық Үкіметті қолдау орталығының алаңында жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Demo day шарасына «Chamber of mines» Қазақстандық тау-кен палатасының, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа да жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері қатысты.
Demo Day қатысушыларына ыңғайлы цифрлық сервистерді алуға және геологиялық-геофизикалық зерделеудің интерактивті картасымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жаңартылған функционалы көрсетілді.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының функционалын өзгерту және цифрлық сервистерін әзірлеу ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ күшімен жүзеге асырылды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова қазір инвестордың барлауға/өндіруге өтінім беруінен бастап оның аукционына және лицензия беруіне дейін үздіксіз цифрландырылған процесс қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Жер қойнауын пайдалану департаментінің, Геология комитетінің және "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамының өкілдері жер қойнауын пайдаланушыларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Жер қойнауын пайдаланудың «minerals.e-qazyna.kz» бірыңғай платформасы 2024 жылғы 1 қарашада іске қосылады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев