18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы хабарлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғалымдардың мәліметінше, геомагниттік белсенділік түнгі 00:00-де басталып, таңертеңге дейін жалғасқан. Дауылдың қуаты орташа деңгейден жоғары болып, G2.3 шкаласына жетті. Мұндай көрсеткіштер энергетикалық жүйелер мен радиобайланыс жұмысына кері әсер етуі мүмкін.
Дауылдың нақты себебі әзірге анықталмаған. Зерттеушілер соңғы сағаттарда күн плазмасының тығыздығы артып, магнит өрісі күшейгенін байқаған. Алайда, Күннен бөлінетін заттардың басты көрсеткіші болып саналатын күн желінің жылдамдығы тұрақты күйде қалуда. Айта кету керек, бұл геомагниттік оқиға алдын ала болжанбаған.
Ғалымдар 14 маусымға қараған түні Күннің оңтүстік жартышарында орналасқан ірі корональдық тесіктен шыққан зат ағынының Жерге жетуі мүмкін екенін болжаған. Олардың пікірінше, Жер әлдеқашан осы тығыз ағынмен түйісіп үлгерген болуы ықтимал, бұл күн желінің қарқынын одан әрі арттыруы мүмкін.
Қазірше магниттік дауылдың нақты қанша уақытқа созылатынын немесе қаншалықты күшейетінін болжау мүмкін емес. Мамандар Жердің алдағы 2–3 күнде тұрақсыз геомагниттік кезеңге кіретінін ескертіп отыр.
Өткен айда күшті магниттік дауылдар болған еді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр