Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыРадиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері мен курсанттары Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Александровна Баранованы ғасыр тойымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әскери қызметшілер қарияға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етті.
"Әскери дирижерлік" мамандығының курсанттары Екатерина Александровнаға соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.
Екатерина Александровна Курск облысында дүниеге келген. 7 сыныпты бітіргеннен кейін ол Старооскольск медициналық техникумына түсіп, онда фельдшер болып оқыды. 1943 жылы аудан неміс-венгер әскерлерінен босатылғаннан кейін бірден әскер қатарына шақырылып, 1-ші Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. 1945 жылдың соңына дейін ол жараланған жауынгерлерге көмек көрсетті.
Екатерина Баранова жеңісті Карловы Вары қаласында (Чехословакия) қарсы алды. Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдарымен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна ауруханада, содан кейін Министрлер Кеңесінің ауруханасында жұмыс істеді. Ол өзін құттықтай келген Отан қорғаушыларға алғыс білдірді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар