Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан ширек финалда есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші белдесуде Нұрлыхан Шархан венгриялық Кристиан Тотпен кездескен еді. Алайда отандасымыз қарсыласын таза жеңгеніне қарамастан, төреші оның нәтижелі әдісін есепке алған жоқ.
Осылайша қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде Израиль өкілі Иосиф Симинмен күш сынасуға мәжбүр болды. Өкінішке қарай, қызылордалық дзюдошы соңғы мүмкіндігінде жүлде үшін күресу мүмкіндігін жіберіп алды.
Бұдан бөлек, қазақстандық дзюдошылар арасында жарыстың үшінді күнінде -90 келіде Мейірлан Максим 1/8 финалда жапониялық Рику Окададан жеңілсе, +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы алғашқы белдесуінде грузин дзюдошысы Шалва Гурешидзеге жол берді.
Ал әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанқызы да алғашқы белдесуде франциялық Грейс-Эстер Миенанди Лахуден айласын асыра алмады.
Аустриядағы дәстүрлі турнирге елімізден 14 дзюдошы барған болатын. Бірақ, 48 келіде Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана өз салмағында топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары