Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі эстрада әншісі Жеңіс Ысқақованың күйеуі еркін күрестен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жазба жариялап, күйеуінің соңғы бір жылдар күреспен айналысып, айтулы табысқа жеткенін жариялады.
"Сүйінші! Балаларымның әкесі, немеремнің атасы, Мажарстанның Татабанья қаласында өтіп жатқан боз кілем шеберлерінің, яғни спорт ардагерлерінің әлем чемпионатында жеңіске жетті. Әлемнің бірнеше дүркін чемпиондарымен және Олимпиада жүлдегерлерімен бірге күш сынасып, қола медальға қол жеткізу - біздің отбасымыз үшін үлкен жеңіс. Отағасы жас кезінде күреспен шұғылданып, кейін бір себептермен күреспей қойған екен. Бірақ өмір бойы спортпен шұғылданып, әрдайым бабында жүреді. Осы, бір жылдың көлемінде қайтадан өзінің жанына жақын спортпен айналыса бастады. Нәтижесі - екі халықаралық турнирде алтын медаль. Күні кеше әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді.Шамамен 35 жыл үзілістен кейін кілемге қайтып оралып, осындай жетістікке қол жеткізген менің жігітім кезінде кілемнен кетпегенде елімізге талай медальдар әкелер еді. Жарайсың,Тоқтасын Сейсенбайұлы!", - деп жазды Жеңіс Ысқақова.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары