Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ауыз су станцияларының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz қала басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қаланың дамуы инженерлік инфрақұрылым құрылысымен қатар жүруі тиіс. Олар — су құбыры, кәріз, электр желілері. Елорданың өмір сүру сапасы олардың үздіксіз жұмысымен тікелей байланысты. Қаланы аралау барысында кәріз-тазарту құрылысының (КТҚ), тазарту құрылыстарының (Жастар шағын ауданы), ауыз су станцияларының жұмысымен таныстым, - деп жазды әкім.
Әкімнің айтуынша, Үркер елді мекенінде нөсер кәрізінің үшінші кезегін жобалау жүріп жатыр. Жобаның қуаттылығы тәулігіне шамамен 45 мың м3 құрайды. Жобаны іске асыру Үркер елді мекенінен, Қорғалжын тас жолынан еріген қар және жаңбыр суын бұруды қамтамасыз етеді.
Сол сияқты кәріз-тазарту құрылысын (КТҚ-2) жобалау, инженерлік желілерді жаңғырту, электр қосалқы станцияларын реконструкциялау жүріп жатыр. Бұдан бөлек, ауыз су станциясының (ССС-3), газ жылу станцияларының құрылысы жүріп жатыр. Мәселен ауыз су станциясының қуаты (ССС-3) тәулігіне 100 мың текше метрден асады, - деді Жеңіс Қасымбек.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?