Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСоғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы — Роза Бағланова. 1941 жылдан 1945 жылға дейін ол барлық майдан шебінде концерт қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, жаралы жауынгерлерге көмектесіп, ерлік көрсетті. Бағланова ғана екі мәрте «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әншіге маршал Рокоссовский медаль табыстаған.
Әншінің майдандағы репертуарында 20 тілде орындалған 500-ге жуық ән болды, ол мыңнан астам әскери концертке қатысты.
Роза Бағланованың бағын ашқан ән — Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-городок». Бұл әнді Роза жас кезінде орындап, өзі үлгі тұтқан Русланованың жоғары бағасын алған.
1945 жылғы 9 мамырда ол Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсетті. Роза Бағланова — «Халық Қаһарманы» атағын алған жалғыз әртіс.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі