22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыСоғыс тақырыбы елдің мәдени-әдеби өмірінде де көрініс тапқан. Отты жылдарда қалам мен қаруды қатар ұстаған ақын-жазушылары аз емес. Майдангер жазушылар өз шығармалары арқылы қалың жұртты қанаттандырып, жауынгерлердің рухын көтеруге зор үлес қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин генерал И. В. Панфилов басқарған 28-гвардиялық дивизия құрамында соғысты. Ол 1-автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2-атқыштар батальонының комиссары, полктің үгітшісі болды. Соғыс туралы «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар», «Майдан очерктері» сынды танымал шығармалардың авторы.
Жазушы-жауынгер әрі журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың шоқтығы бөлек туындысы – «Солдат соғысқа кетті» романы. Бұл жазушының ішкі толқынысын көрсеткен автобиографиялық шығарма.
Майдангер ақын әрі жазушы Әзілхан Нұршайықов Ұлы Отан соғысына арналған 40-тан астам кітап жазған. Оның ішінде 1976 жылы жарияланған «Ақиқат пен аңыз» романы арқылы кең танымал болды. Шығарма Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына арналған.
Бұдан бөлек, Қасым Аманжолов, Баубек Бұлқышев, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Тахауи Ахтанов, Дихан Әбілев және қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті өкілдері майданда болып, соғыс жылдарының ауыртпалығы мен адамдардың ерлік рухын шынайы жеткізе білген.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев