23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада қазіргі уақытта тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге – ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген жандарға 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде қаржы қарастырылған.
Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауған соғысы ардагерлерінен басқа) – тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде болған әскерилерге 45 АЕК (176 940 теңге) беріледі.
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға – тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлем қарастырылған. Төлемдер сәуір айының соңына дейін жүргізілетін болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік