Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда тағы бір кәсіби футбол клубының өз иесін тапты. Астананың "Жеңіс" футбол клубын Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе сатып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа иесі енді Қазақстан мен Ұлыбританияда жоғары деңгейдегі балаларға арналған кәсіби футбол академиясын құру жобасын ресми түрде бастайды. Бұл академия Астана қаласындағы "Жеңіс" клубының инфрақұрылымы негізінде жұмыс істейтін болады.
Академияның ең басты артықшылығы - жасөспірімдерге арналған тегін білім және тілдік дайындық бағдарламасы. Мұнда болашақ футболшылар халықаралық талаптарға сай жаттығып, заманауи әдістемелер мен инфрақұрылым арқылы кәсіби өсудің толыққанды мүмкіндігін алады.
Арманым - Қазақстан мен Англияда болашақ жұлдыздарды тәрбиелейтін кәсіби футбол академияларын құру. Барлық жаттығулар толығымен тегін болады. Жас спортшылар екі елдің үздік мамандарымен жұмыс істейді. Заманауи технологияларды қолдана отырып, отандық футболды жаңа биіктерге шығара аламыз деп сенемін, - деді Ломтадзе.
Айта кетейік, "Жеңіс" футбол клубы үш мәрте Қазақстан чемпионатын жеңіп алған. Сондай-ақ 2001, 2002, 2005 жылдары Қазақстан Кубогын иеленген тарихы бай ұжымдардың бірі.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?