23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБритан боксшысы Феликс Кэш (16-0, 10 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (14-0, 9 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sports.kz порталы мәліметінше, таяуда Кэштің промоутері Эдди Хирн қолында Әлімханұлының өкілдерінен айқасқа шығу туралы ұсыныс келіп түскенін айтты.
Осыдан кейін Феликс әлеуметтік желілерде Хирн, Top Rank пен «Қазақ стиліне» үндеу жолдап, айқасқа шақырды.
Ешқандай жауап ала алмаған Кэш Жәнібекке кезекті сауалын жолдады: «Top Rank, Qazaq Style айқасқыларың келе ме, әлде...?», - деп жазды ол Twitter-де.
Феликс Кэш өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда Англияның Лидс қаласында өткізіп, португалиялық Келсо Невештен (9-4-2, 2 КО) ұпай саны бойынша басым түскен еді.
Ал Жәнібек Әлімханұлы мамырда Стоктонда (АҚШ, Калифорния штаты) рингке шығып, канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады