7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үкімет қаулысында көрсетілген құжат 40 түрлі қызмет бағытын қамтиды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің қоса берілген тізімі бекітілсін, – делінген Үкімет қаулысында.
Тізімге мыналар кіреді:
Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
18 қараша күні Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Ерқанат Шынберген мәлімдегендей, 2026 жылы жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер салық органдарына арнайы хабарлама тапсыруы тиіс.
Оның айтуынша, жаңа Салық кодексіне сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі тыйым салынған тізімге енбеген барлық бизнес түріне қолданылады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 наурызға дейін екі ай уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде кәсіпкерлер өздерінің орналасқан жері бойынша салық органына жеңілдетілген режимді таңдағаны туралы хабарлама тапсыруы керек. Егер бұл хабарлама екі ай ішінде берілмесе, 1 наурыздан бастап оларды жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстырамыз, – деді Ерқанат Шынберген.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?