28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАуыл шаруашылығы министрлігі Үкімет қолдауымен және Аграрлық несие корпорациясымен бірлесіп мал бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты. 2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.
Ведомство мәліметінше, қаржыландыру шарттары:
Қарыз мерзімі – 12 айға дейін;
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.
Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады. Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.
Еске салсақ, биыл 28 шілдеде Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бойынша жаңа бағдарламаны таныстырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?