6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБиыл желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электронды кезек іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айда іске қосылуы жоспарланып отыр.
Бұл өтініш берушіге өтінімді электронды ресурста жіберіп, кейіннен қарыз берілген сәтке дейін ағымдағы мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электронды кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды.
"Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі", – деп мәлім етті ведомстводан.
Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 4%, несиелеу сомасы – 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі