10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті ұйымдастырған акция Еңбек мобильділігі орталығында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері қатысты.
Департамент мәліметінше, тұрғындар білім беру, тұрғын үй, көлік, жұмыспен қамту, жасына байланысты зейнетақыны рәсімдеу, мүгедектікке шығу, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасуға қатысты мәселелермен жүгінді.
Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы волонтерлар антикормен кері байланыс арналары (1424 Call-орталығы) туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып, пара талап еткен жағдайда не істеу керектігі туралы брошюралар таратты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді