30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБиыл тоғыз ай ішінде Алматыда желшешек ауруының таралуы 38,8%-ға артқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Алматы қалалық балалар инфекциялық клиникалық ауруханасының директоры Ержан Сералин мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы кезеңде аурудың түрлі деңгейдегі ауыр түрімен 183 бала ауруханаға жатқызылған. Асқынған жағдайлар саны өткен жылмен салыстырғанда 40,9%-ға көбейген. Олардың арасында орталық жүйке жүйесі мен тыныс жолдарының зақымдануы да бар.
Науқастардың басым бөлігі – мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балалар (61,7%). Себебі желшешекке қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмегендіктен, иммунитет тек аурумен ауырып шыққаннан кейін ғана қалыптасады.
Ержан Сералиннің айтуынша, желшешекпен ауырған балалардың ешқайсысы реанимацияға түспеген. Ал 1–14 қазан аралығында жансақтау бөліміне пневмония, жедел ішек инфекциясы, тырыспа синдромы және тыныс жетіспеушілігі диагнозымен 14 бала түскен.
Дәрігер ата-аналарды аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте дәрігерге жүгінуге шақырды. Оның айтуынша, кеш диагноз қою мен өзін-өзі емдеу көп жағдайда асқынуларға және инфекцияның ауыр өтуіне әкеліп соғады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды