29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2026 жылғы 20 наурызда әлеуметтік желілерде актер Асқар Жұмабектің модель Айнұра Нарзиеваға дөрекілік танытып, күш көрсетпек болған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды El.kz.
Айнұра Нарзиеваның сөзінше, оқиға түсірілім барысында болған. Желі қолданушылары видеодағы әрекетке наразылық білдіріп, ал бойжеткеннің өзі бұл жағдайдан кейін қатты күйзеліске түскенін айтқан.
Ал 21 наурызда Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша шара қабылданғанын мәлімдеді. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізген.
Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып, құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілген. Азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Полиция мәліметінше, ол қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік көрсеткен.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Құзырлы орган өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзу, айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту және агрессияның кез келген көрінісі заң аясында қатаң бағаланатынын атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек