20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖеліде белгісіз әйелдің мұғалімді жағасынан алып, шапалақпен ұрған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 мыңға жуық оқырманы бар "Қазақстан ұстаздары" тобында жарияланған бұл видеоға желі қолданушылары наразылық білдіріп, мұғалімге қол көтерген әйелдің әрекетін сынға алды.
Видеода орта жастағы әйелдің сыныпқа кіріп, айғайлап, мұғалімді жағасынан ұстап, шапалақпен ұрғаны көрінеді.
Оқу-ағарту министрлігі бұл оқиғаның Қазақстанда болмағанын мәлімдеді. Өзбекстандық БАҚ-тың хабарлауынша, видеоны оқушылардың бірі түсірген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқушының анасы мен мұғалім арасында жанжал туған. Бейресми деректерге қарағанда, мұғалім оқушылардың біріне ауыр сөз айтқан, соның салдарынан баланың анасы ұстазға қол көтерген.
Өзбекстанның білім министрі Халила Омарова оқиға Сырдария ауданында болғанын айтып, тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тексеріс нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі.
Кейінірек мұғалімге қол көтерген оқушының анасы видео түсіріп, көпшіліктен кешірім сұрады.
Бұл жағдай Қазақстанда болған жоқ. Өзбекстанның ресми органдары аталған факт бойынша ақпарат берді, – деп хабарлады министрлік.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?