Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТанымал инсайдер Sonny Dickson iPhone 16 барлық моделінің суреттері жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін аталған инсайдер Apple смартфондарының сызбаларын да көпшілік назарына ұсынған.
Суреттерде дизайндағы өзгерістерді байқауға болады. Көзге ерекше түсетіні – iPhone 16 және 16 Plus камераларының орналасуындағы өзгерістер.
iPhone 15-те камералар диагональ бойынша орналасса, жаңа модельдерде тігінен орналасқан. Мамандар болжамынша, бұл Apple Vision Pro шлемімен байланысты ыңғайлы ету үшін жасалған.
Сонымен қатар Pro-нұсқалардағы камералардың көлемінде өзгерістер бар. iPhone 16 Pro Max-та 6.9-дюймдық дисплейді байқауға болады, бұған дейінгі Pro Max-тарда 6.7 дюйм еді. iPhone 16 Pro да 6.1-ден 6.3 дюймге өсті.
Ал iPhone 16 және 16 Plus-тер диагональдарын сақтап қалған – 6.1 және 6.7 дюйм.
Әдетте жаңа iPhone-дардың тұсаукесері қыркүйекте өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?