18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде ер адамның намысына тиетін пост жариялағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Сот видеоны жала жабу, ал ондағы айтылған ақпаратты жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру деп таныды.
Сотта белгілі болғандай, ер адам былтыр қарашада баласына мысық алу үшін хабарландырулар іздеп, Хакимовамен сөйлескен. Олардың арасында қандай әңгіме болғаны белгісіз. 2023 жылдың 11 қарашасында А.Хакимова әлеуметтік желіде азамат К.-нің суретімен пост жариялаған.
Ол постты ер адамның отбасы мен балалары да көрген. Балалар күйзеліске түсіп, тіпті мектепке барғысы да келмепті. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға арыз жазған.
Психологиялық-филологиялық зерттеу постта адресатқа қатысты жағымсыз ақпарат бар екенін мәлімдеді.
Хакимова басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе беделiне нұқсан келтiретiн көрiнеу жалған мәлiметтердi жария түрде таратқаны үшiн кінәлі деп танылып, оған 180 АЕК, яғни 664 560 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот құқықбұзушының жеке басын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасын 30% азайтып, соңында 465 192 теңге айыппұл салуды дұрыс деп тапты.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр