Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыАлматы қаласының шетінде тұратын 24 жастағы Л. есімді азамат ақшаны тиімді инвестициялауды үйреткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жас жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтемін деген желеумен капиталын ұлғайтқысы келгендерден ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған. Ол “клиенттерге” төлемнің қабылданғанын растайтын құжаттарды, түбіртектерді бермеген. Мәселен, қылмыстың бір эпизодында бөтен адамның 4 млн теңгесі Л. есімді азаматтың олжасына айналды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа эпизодтарға қатыстылығы анықталып жатыр. Осы мақсатта бұл адамды таныған азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-196-51-20; 8-702-445-39-69, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Аудан басшылығы, күдіктінің әрекеті тергеуде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) квалификацияланғанын хабарлады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды