18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептер төңірегінде қоғамда қызу талқыланған мәселе шешімін тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оқи отырыңыз:
Министрдің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінде жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысты бірлескен бұйрыққа қол қойылған. Құжат елдің барлық 20 өңірінің әкімдіктерімен келісілген. Сондай-ақ бұл – Қаржы министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен бұйрығы.
Бүгіннен бастап бұйрықты бүкіл 20 әкімдік өздеріне тіркей бастайды. Қаржы жергілікті атқарушы органның ақшасы. Олар қаржысын Қаржы орталығына аударады. Қаржы орталығы жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруда оператор саналады, – дейді ол.
Министрдің сөзінше, ведомство тарапынан қажетті барлық нормативтік және ұйымдастырушылық жұмыстар толық атқарылған.
Сондықтан бүгінгі таңда бұған байланысты шешілмеген түйткілді мәселе жоқтың қасы. Бұйрыққа қол қойылды, – дейді ол.
Еске салайық, соңғы уақытта еліміздегі бірқатар жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі қоғамда қызу талқыланған еді. Бұған мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысты жаңа ережелер себеп болған. Соның салдарынан кейбір жекеменшік білім беру ұйымдары мемлекеттік қаржыландыру тоқтауы мүмкін екенін айтып, мәселе көтерген болатын.
Бұған дейін жекеменшік мектептерді қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін екені туралы жазған едік.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр