18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бұл мәселеге адамдар өте ертеде назар аударған болаты. Ежелгі грек философтары барлық адамдар дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар үкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады.
Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болды. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.
Біздің қазіргі ұғымдағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Осылардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді.
АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.
1942 жылы 1 қаңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр