18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?5 қыркүйекте заң қабылданғалы бері 300 қазақстандық қана банкрот статусын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Желідегі жұрт мұқтаж адамдардың бұдан әлдеқайда көп екендігін айтады. Банкрот статусын алғандар санының аз болуы оны алудың қиындығымен байланысты ма? Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жауап берді.
Оқи отырыңыз:
Банкроттық туралы заң қабылданып, 3 наурыздан бастап өтініш қабылдана бастады. Бірақ біз өтінішті қабылдай салып, банкрот статусын бірден бере алмаймыз. Тексеруге уақыт кетеді. Азаматтың өтінішін қанағаттандыру үшін заңнамаға сәйкестігі алты ай бойы тексеріледі. Қазір алты ай өткеннен кейін бір ізге түсе бастады. Күн сайын 100-200 адамға банкрот статусы беріліп жатыр, - деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, бүгінде елде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан аса адам бар.
Олар тізімге біртіндеп қосылады. Жалпы соттан тыс банкроттық рәсіміне 65 мың Қазақстан азаматы өтінім берді. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 мың адам алдын ала тексеруден өтті. Қазір олар банкрот деп танылуы мүмкін. Алайда күн сайын өтініштер түсіп жатыр. Тізім толықтырылады. Осы 10 мың адамның шамамен 400-ге жуығын таныдық, - деді вице-министр.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр