Жеке тұлғалар бойынша төрт заң бұзушылық анықталды

18 Қараша 2022, 17:05 1465

Бүгін түнгі сағат 00-ден бастап, 19 қараша тыныштық күні болып саналады

ОСК 27-ші отырысында халықаралық байқаушы миссияларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста жеке тұлғаларға қатысты төрт заң бұзушылық анықталғандығы мәлім етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан, Өзбекстан ОСК төрағалары қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін түнгі сағат 00-ден бастап, 19 қараша тыныштық күні болып саналатынын ескертті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров үміткерлердің үгіт-насихат жұмысы толыққанды БАҚ-да жариялауда кең ақпараттармен қамтылып, Министрлік ақпараттық кеңістікте тұрақты түрде мәміле жасап отырғанын тілге тиек етті.

«Үгіт-насихат кезеңінде 21 қазан және 18 қарашаға дейін мониторинг бойынша 578 республика және өңірлік БАҚ құралы, оның ішінде 51 телеарна, 30 радио, 354 газет 143 интернет ресурс қамтылды. Мониторинг қорытындысы бойынша Президенттікке үміткерлер мен олардың сайлау штабына арналған үгіт-насихат науқаны кезеңінде БАҚ-та 16 мыңнан астам, оның ішінде телеарнада 10288, басылымда 2228, интернет ресурсында 3551 материал орналастырылды. Бұл жерде заң аясында жеке белгіленген анықтама бойынша сайлау қорытындылары қаражаты есебінен ақылы негізде үміткерлердің сайлауалды шатабтарының БАҚ-та ораналастыратын үгіт материалдары болып табылады. Сайлауға барлығы 6 үмітер қатысты», - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров.

Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жеке тұлғалар бойынша төрт заң бұзушылық анықталғандығын атап өтті. Айыпты деп танылған жеке тұлғаларға қатысты айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: