Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда жеке сот орындаушысы әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала прокуратурасының мәліметінше, алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу кезінде заңбұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.
Сондай-ақ, бұғаттауларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар