Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖеке кәсіпкер Дархан Асан «Qyzylorda» арнайы белгісімен шоколад шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кәсіпті бастағанымызға бір жылға жуықтады. Шоколадтың дайындалу әдісі бұрыннан қызықтыратын. Сол кезде осыны өзіміз дайындасақ қаламыздың өз өнімі болар еді деп ойлайтынмын. Сол идеяны іске асыратын уақыт келіп, қолға алған жайымыз бар, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде олар аптасына 300-ден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Шоколадтың екі түрі бар. Цехтың өніміне қала дүкендері де қызығушылық танытуда.
Тәтті өнімдерді дайындаудың өзіндік технологиясы, әдіс-тәсілі бар. Одан ауытқысаң өнім ойдағыдай шықпауы мүмкін. Дархан Асан шоколад жасаудың арнайы курсын өтіп, сол арқылы оны әзірлеу әдісін игерген.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар