23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда азаматтарының дербес деректері бар 8 Telegram-бот бұғатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жасап.
Мәселен, 28 қазанда бұғатталған Telegram-боттың қызметі азаматтардың құпиялылығына және олардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген.
Дербес деректердің таралып кету қаупін азайту және оларды заңсыз жинау және өңдеу фактілерінің жолын кесу мақсатында азаматтарды мұндай Telegram-боттарды пайдаланбауға және насихаттамауға, сондай-ақ өздерінің дербес деректерін жалпыға қолжетімді көздерде және әлеуметтік желілерде қалдырмауға шақырамыз, - дейді министрлік мамандары.
Мұндай Telegram-боттардың иелері ID, аты, тегі, лақап аты, "өзі туралы" бөлім және қосымшада орнатылған тіл арқылы адамдардың жеке деректерін жинай алады. Оған қоса, аккаунтқа кіру, жазбаға қол жеткізу және пайдаланушы атынан хабарлама жіберу мүмкіндігі бар.
Министрлік осындай Telegram-боттар анықталған жағдайда бірден хабар беруді сұрап отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік