Бүгiн, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Қоғамда резонанс тудыратын түрлі дау-дамайлар мен тұрмыстық жанжалдар жиілеген тұста азаматтық мәдениет, әдеп және қоғамдық жауапкершілік мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетіне берген көлемді сұхбатында қазіргі қоғамдағы келеңсіз құбылыстардың негізгі себебі неде екенін айтып, мұндай жағдайларға байланысты тұтас қоғамға баға беруге болмайтынын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда қоғамды екіге жарып жіберетін ірі саяси қайшылықтар жоқ. Керісінше, қоғамның басым бөлігі елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап отыр. Дегенмен кейбір қоғамдық орындарда немесе әлеуметтік желілерде орын алатын жекелеген оқиғалар үлкен пікірталасқа ұласып жатады.
Ерлан Қарин мұндай жағдайлардың түп-төркінін жеке адамдардың әрекетінен іздеу қажет екенін айтады.
Өкініштісі, мұндай оқиғалардың себебін анықтап, астарына үңілсек, көбі сол азаматтардың мәдениетсіздігінен, дарақылығы мен әдепсіздігінен туындаған болып шығады. Яғни адамдардың қарапайым әдеп нормаларын сақтамауы, бір-бірін құрметтемеуі себеп. Кей кезде тіпті сауатсыздық пен білімсіздік те келеңсіз жағдайларға ұрындырады. Дегенмен жеке бір адамдардың тәрбиесіздігіне бола, тұтас қоғам арандап қалмауы керек. Сондықтан қазіргі таңда идеологиялық жұмыс негізінен білімсіздікпен, сауатсыздықпен, әдепсіздікпен күреске бағытталуға тиіс, – деді Мемлекеттік кеңесші.
Оның пікірінше, қоғамдағы негізгі міндеттердің бірі – адамдарды мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа және білімге бағыттау.
Керісінше, қоғамды мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа, білім-ғылымға, жауапты әрі жасампаз отаншылдыққа шақыру маңызды. Әдепті, тәрбиелі адам айналасын ластамайды, өзгелерге қоқан-лоқы көрсетпейді. Қарапайым адами құндылықтарды бойына сіңірмеген адамды патриотизмге баулу мүмкін емес. Әуелі адамгершілігі мол, таза, адал азаматты қалыптастыруды мақсат етуіміз керек. Ал патриотизм – соған егілетін дән, – деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші кез келген жанжалдың алдын алудың ең тиімді жолы – қоғамдық мәдениетті қалыптастыру екенін атап өтті.
Қоғамдағы кез келген кикілжіңнің, кез келген даудың алдын алудың бірден-бір жолы – жеке бастың мәдениетін дамыту. Бұл – бір-бірімізге сыйластықпен қарау, өз ісімізге адал болу, заңды құрметтеу, тазалық пен тәртіпті сақтау. Адамдардың санасына осы ұғымдарды сіңіріп, қоғамда құндылық ретінде орнықтыру қажет, – деді ол.
Ерлан Қариннің айтуынша, қоғамдағы оң өзгерістерге тек ұран арқылы емес, нақты істер арқылы ғана қол жеткізуге болады. Осы мақсатта соңғы жылдары мектептерде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізіліп, «Қазақстан балалары» бағдарламасы қабылданды. Сонымен қатар тарихи сананы жүйелеуге, кітап оқу мәдениетін дамытуға және жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Сұхбат барысында Мемлекеттік кеңесші қоғамға үлгі болатын азаматтардың жауапкершілігіне де тоқталды. Оның сөзінше, мемлекеттік қызметкерлермен қатар зиялы қауым өкілдері, қоғам алдында жүрген танымал тұлғалар да өздерінің сөзіне, ісіне және мінез-құлқына мұқият болуы тиіс.
Қоғамдық әдепті қалыптастырғанда ең бірінші ел алдында жүрген азаматтар жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл шенеуніктерге ғана емес, барлық азаматтарға, әсіресе зиялы қауым өкілдеріне де қатысты дүние. Өйткені олар – мәдениеттің айнасы. Сондықтан сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына, тіпті сыртқы келбетіне де дұрыс қарауы керек, – деді Ерлан Қарин.
Ол мемлекетшілдік сана үлкен бастамалардан ғана емес, күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден қалыптасатынын атап өтті.
Өткен онжылдықтарда мемлекеттілікті құру ісімен айналыссақ, енді азаматтардың бойына мемлекеттіліктің ұстыны – мемлекетшілдік сананы сіңіру қажет. Ол осындай қарапайым дүниелерден басталады. Өйткені мемлекет ісінде ұсақ-түйек деген болмайды. Елеусіз деген нәрсенің өзі елдік тұрғыдан алғанда маңызды, – деді Мемлекеттік кеңесші.
Ерлан Қариннің пікірінше, бүгінгі қоғам үшін ең маңызды міндеттердің бірі – адамдардың санасына мәдениеттілік, заңға құрмет, жауапкершілік пен әдеп қағидаларын орнықтыру. Сонда ғана жекелеген адамдардың әрекеті тұтас қоғамның бағасына айналмайды және елдің тұрақты дамуына кедергі келтірмейді.
Бүгiн, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Бүгiн, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседіКеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер