Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Алматы қаласының әкімдігінің хабарлауынша, шілденің алғашқы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту түскен.
Алматы қаласында аптап ыстық салдарынан тұрғындар жедел-жәрдем көмегіне жиі жүгініп жатыр. Артериялық қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары, оның ішінде жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфаркті көптеп тіркелген. Сонымен қатар, ми қан айналымының жедел бұзылысына шалдыққан науқастар шұғыл түрде қалалық стационарларға жеткізілді.
Алматыдағы емханалар созылмалы ауруы бар науқастарға диспансерлік бақылауды жалғастырып, оларды қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етуде және денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
Дәрігерлер тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күннің астында ұзақ болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер денсаулық жағдайыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, – деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Күн көзінен қалай қорғанамыз?
Тек Алматы қаласында емес, еліміздің барлық өңірінде жағдай осындай. Мысалы, Шымкентте апта соңында ауа температурасы +42 градусқа жетеді. Елордада да бүгін +36 градус жылы. Астана қаласының әкімдігі де тұрғындарды сақ болуға шақырады. Жоғары температура әсіресе балалар, қарттар мен жүрек-тамыр аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
Мұндай ауа-райында таңертең жұмысқа шығар алдында душ қабылдау керек. Суы салқындау, алайда қолайлы температурада болуы қажет. Осылайша адам ағзасы біршама салқындайды, – деп кеңес береді №10 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Наргиз Абдурайымова.
Оның айтуынша, ауа райына сәйкес киіну керек. Тар немесе тырысып тұратын киімдерді таңдамаған абзал, ең дұрысы ақшыл түсті, жеңіл, кең тұратын және ауа өткізетін матадан тігілген киімдер киген жөн.
Сондай-ақ, дәрігердің ұсынысы бойынша серуендеу үшін таңертеңгі 10-ға дейінгі және күндізгі 17:00-ден кейінгі қауіпсіз уақытты таңдаған дұрыс. Күннің қатты ыситын кезеңі – сағат 11:00 - 17:00 аралығы. Егер осы кезеңде көшеге шығу қажет болса, онда жолдың көлеңке жағымен жүрген дұрыс. Ашық жерде екі сағаттан артық жүрер болса адам басынан күн өтіп кетуі мүмкін.
Мұндай кезде адамда жүрек айну, бас айналу және жүрек соғуының жиілеуі мүмкін. Терісінің түсі бозарса, бұл – жылу соққысының, ал қызарса – күн өтіп кеткеннің белгісі. Егер мұндай белгілер пайда болса, көлеңке жерге немесе ғимарат ішіне кіріп демалып, мүмкіндігінше көп су ішу керек, – деп түсіндірді дәрігер.
Дәрігердің айтуынша, сусын таңдағанда қарапайым су немесе жеміс сусыны мен компот ішкен дұрыс екен. Ал шай ішетін болсаңыз, оны бөлме температурасына дейін салқындатқан дұрыс.
Аптап ыстықта тамақты көп ішпеген дұрыс. Бірақ аш жүрмеу керек, ең дұрысы әр екі-үш сағат сайын жақсы тамақтану қажет. Тамақ ыстық емес әрі жеңіл болуы керек. Ет пен балықтың майсыз түрі, салқындатылған сорпа, көкөніс пен жеміс жеуге болады. Қуырылған тағамдар мен алкогольден аулақ болып, сондай-ақ қою шай, кофе, әсіресе газдалған тәтті сусындарды қолданбаған абзал, – дейді Наргиз Русланқызы.
Дәрігерлер бөлмені жиі желдетіп, күн қатты ысыған кезде терезелерді қалың матамен жауып қоюды кеңес береді.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд