Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚоғамдық келісім сарайында осы атаумен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған драмалық қойылым сахналанды.
Ол Ақан сері атындағы Мәдениет колледжі студенттерінің күш салуымен қойылды. Режиссері – колледждің дарынды педагогі Маржан Бөкешова.
Қойылымды көрсетудің мақсаты - жас ұрпақтың өз өмірі мен қоршаған ортасына деген жауапкершілігін арттыру, олардың бойында отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған әдеттерді қалыптастыру.
Қойылымда аналары әр қилы кезеңде бас тартқан балалардың ішкі күйзелісі және азап шегуі көрініс тауып, соның себебі айтылады. Біреуінен ол ана құрсағында жатқанда-ақ құтылғысы келсе, бірін перзентханада қалдырып кеткен. Қойылым түрлі сезімдерге түсіреді.
«Жазығым не менің, мама?» қойылымы нақ бүгінгі өмірді анық көрсетеді. Өйткені қазіргі уақытта жас аналар ойланбастан өз сәбилерінен бас тартып, қалдырып кету сияқты оқиғалар жиілеп кетті. Қойылым тастанды және өлген балаларға адамдар немқұрайды қарамаса екен деп, өскелең ұрпақты дұрыс бағыт арнасында тәрбиелеуге бағытталған.
Көрермендер қалалық білім беру мектептерінің оқушылары колледж тәлімгерлерінің актерлік шеберлігіне жоғары баға берді. Мұның жарқын дәлелі – қол шапалақтау мен әдемі гүлдер болды.
ҚХ Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова бұл қойылымның мақсаты - қыз алдында, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершілік тұрғанын ұғындыру, ұлттық сананы жаңғырту, ұлтымыздың болашақ аналары, аруларымызды тәрбиелеу, сонымен бірге жастарды теріс жолға түспеуге, бір-бірін алдамауға, қыздардың жасанды түсікке жол бермеуіне, темекі мен ішімдік секілді теріс қылықтардан бойларын аулақ ұстауға, адамдардың жаңа туған шақалақтарын біреудің босағасына тастамауға, жетімдер үйіне өткізбеуге, түрлі айуандыққа барып, қоқыс жәшігіне лақтырмауға шақыру секілді бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне арналғанын айтты.
Зере Еспайқызы жасөспірімдер зор тәрбиелік мәні бар қойылымның негізгі идеясын ұғынғанына сенімді. Себебі, отбасы құндылықтары, соның ішінде ерлі-зайыпты болу, ата-ана атану – әр адамның өмірінде басты орын алады!
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова