Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі журналист, қарымды қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылдың 11 қыркүйегінде Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген соң Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық жемісті еңбек етті.
Республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына мұрындық болып, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болды. 2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарды. 2007 жылдан бастап, зейнет жасына жеткенге дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде қызмет атқарды.
Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жылқыбай Жағыпарұлы «Құрмет» орденімен марапатталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымы Жылқыбай Жағыпарұлының өмірден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары