6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Жазушылар одағы көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовке арналған "Алдаспан" атты халықаралық роман байқауы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға Қазақстандағы жазушылар мен шет елдегі қандас қаламгерлер де қатыса алады және олардың жасына, романның көлеміне шек қойылмайды. Дегенмен, әдеби шығармалар тек қазақ тілінде қабылданады.
Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет. Жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар қаралмайды. Қолжазбалар jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштада қабылданады, – делінген байқаудың шартында.
Өтінімдер 2025 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады. Ал жеңімпаздар 21 наурызда марапатталады. Байқау қорытындысында ең үздік 3 роман жеке кітап болып басылып шығады. Сондай-ақ, романы ең үздік деп танылған 1 жазушыға
"Алдаспан" байқауының төсбелгісі, дипломы мен 5 миллион теңге қаржылай сыйлық беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі