Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖұлдызды жұп Жанболат пен Жазира «Жарқын жүздесу» бағдарламасында арадағы ыстық сезімді суытпай сақтаудың сырын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жанболаттың сөзіне қарағанда, шаңырақ көтерген 27 жылдың ішінде талай сынақтан өткен, соған қарамастан бір-біріне деген сезім мен құрмет тек артқан.
Жазира екеуміздің отау құрғанымызға 27, танысқанымызға 29 жыл болды. Отбасын құрамыз деп шешкен соң, алдымызға ортақ мақсат қойған соң кездескен қиындықтардан да бірге өттік. Өмірдің ащы-тәттісін бірге көргендіктен де сезім нығайып, құрметіміз артты, - деп әзілдеді әнші.
Ал жүргізушінің бойжеткеннің көңілін қалай ауладыңыз деген сөзіне әнші былай деп жауап қатты:
Қазіргідей телефон жоқ, мейрамхана деген жоқ, жұртқа қарап жалтақтамайсың, керемет кезде үйленіп алыппыз.
Жанболат кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Мені баурап қалғаны – анасы туралы көп айтқаны, анасын ерекше құрметтейтіні. Осындай ер азаматтан туған бала да мені құрметтейтін болады деп ойладым, - деді Жазира Байырбекова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді