23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 590-бабы 5-бөлігінде көзделген. Яғни, 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ( 15 900 теңге) айыппұл салынады.
Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Аталған ереже бір жыл ішінде қайталап бұзылса, айыппұл көлемі артады.
Мұндай талапқа жазғы шинаның қыста қатып қалып, тұтқырлық қасиетінен айырылатыны себепкер. Бұл көлік қозғалысының тәртібін бұзуға, тіпті, кейде көлік апаттарына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ал қысқы дөңгелектер қойылатын талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті арқылы реттеледі. Ол регламент бойынша, қыс мезгілінде жүруге рұқсат етілетін бұдырлы шиналар «М+S», «M&S» және «MS» белгілерімен таңбаланады. Ал шинадағы кедір-бұдырдың тереңдігі 4 миллиметрден кем болмауы шарт.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік