7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жазда қазақстандықтар ел ішін алаңсыз аралай алады. Өйткені демалыс орындарына арзан рейспен қатынауға болады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов мәлімдеді
Оның айтуынша, көлік министрлігімен тиісті келісімшарттар жасалып қойған. Сәуір айында бекітілген құжатқа сәйкес, ішкі бағыттағы рейстерге мемлекет тарапынан субсидия бөлінеді.
Субсидиялаудың нәтижесінде маусым, шілде, тамыз айларында Астана мен Алматыдан қатынайтын рейстерге төмендегі тарифтер бекітілді:
Алматыдан қатынайтын рейстер үшін де дәл осы баға өзгеріссіз қалады.
Ресми субсидияланатын рейстерден бөлек, демалыс аймақтарына коммерциялық чартерлік рейстер де ұйымдастырылуы мүмкін.
Арзан билетті қалай қағып аламыз?
Есіңізде болсын, билеттің жырын ертерек шешпесеңіз, қапы қаласыз. Өйткені уақыт өткен сайын баға өсе береді. Сол үшін халықаралық рейстер 2-8 ай бұрын, ішкі рейстерге 1-2 ай бұрын билет алған абзал. Көбінесе, сейсенбі мен сәрсенбі күндері ұшу арзан түседі. Кей бағыттарда 20%-ға дейін айырмашылық бар.
Google Flights, Skyscanner сияқты сервистерде пуш-хабарлама қосып қойып, ойыңыздағы бағаны көргенде қағып алған дұрыс. Бір ғана сервиске байланып қалмай, әртүрлі платформадан бағаны салыстырып, кэшбек жинауды үйреніңіз. Кейде авиакомпанияның сайтынан сатып алған арзанға шығады.
Одан кейінгі жолы – ұшу бағытын өзгерту не әуе транзитін таңдаңыз. Өйткені тікелей рейстің бағасы қымбат. Ал транзит жолын таңдасаңыз, әлдеқайда арзанға билет аласыз. Тағы бір жолы – ұшу бағытын өзгертесіз. Мысалы, Анталияға Астанадан ұшқаннан, Қарағанды арқылы барған тиімді. Бастысы, баға жағынан жақсы тарифті көрсеңіз, көп ойланбай саяхаттаудың қамын жасаңыз.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?