Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерЖазғы демалыста бала қауіпсіздігі мәселесі күнтәртібінде тұрады. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін Ішкі істер министрлігі ата-аналарға ескерту жасады. Сонымен, нені есте сақтау қажет?
Ата-аналардың міндеті қандай?
Алдымен, баланы үйде немесе қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаңыз. 0-8 жас аралығындағы бала үнемі ересектердің бақылауында жүруі керек. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүруіне жол бермеңіз. Балалардың су айдынына, құрылыс нысанына немесе қауіпті аумаққа бақылаусыз баруына мүмкіндік бермеңіз.
Заңнамаға сәйкес, ата-аналар баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға, тәрбиесіне жауап беруге, оның дамуына жағдай жасауға және құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті.
– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ботакөз Жалекешова Polisia.kz сайтына берген сұхбатында.
Әйтпегенде аталған бап бойынша бірінші жағдайда – ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл; құқық бұзушылық қайталанған жағдайда – 15 АЕК дейін айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ көзделген.
Қазір ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 16,8 мыңнан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қабылданған. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің профилактикалық есебінде балаларды тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамайтын 5,9 мыңнан астам ата-ана профилактикалық бақылауда тұр.
Баланы көзден таса қылмаңыз
Сонымен қатар жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне байланысты қайғылы жағдайлар, оның ішінде терезеден құлау және су айдындарындағы оқиғалар жиілейді. Мамандардың айтуынша, баланың қауіпсіздігі, алдымен, отбасындағы дұрыс бақылаудан басталады.
– Ата-аналарға баланың қайда жүргенін бақылау, интернеттегі қауіпсіздігіне назар аудару, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, баламен ашық сөйлесу, оның достары мен ортасын жақынырақ білуді ұсынар едім. Бұл бағыттағы жұмыс тек полицияның немесе білім беру ұйымдарының ғана міндеті емес. Баланың қауіпсіздігі – ата-ана, қоғам және мемлекеттік органдардың бірлескен жауапкершілігі, – дейді өз сөзінде Ботагөз Жалекешова.
Бүгінде құқық бұзушылықтар саны төмендеу динамикасын көрсетіп отыр
2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 12,5% төмендеген. Маманның айтуынша, көрсеткіштер өңірлерге байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен профилактикалық шаралардың нәтижесінде жалпы динамика оң бағытты көрсетіп келеді.
– Көбіне бақылаусыз қалатын жас санаты – 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл кезеңде балалардың өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылысы артып, ата-аналық бақылау әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар басқа өңірлерге білім алуға кеткен жастардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет, – деп атап өтті аға инспектор.
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде түнгі профилактикалық рейд өткізеді. Нәтижесінде, ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 68,8 мыңнан астам заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген 1,6 мыңнан астам мекеме иесі мен әкімшілігі жауапқа тартылған. Бұл жағдайда ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 7 АЕК дейін ұлғаяды.
Буллинг үшін айыппұл арқалайды
Сонымен қатар буллинг үшін де әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Бірінші жағдайда – ескерту немесе 10 АЕК айыппұл; қайталанған жағдайда – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.
Қазір әрбір білім беру ұйымына учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілген. Жалпы саны 8 мыңға жуық қызметкер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс атқарып жатыр.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп мектептерде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.Егер балаға қатысты құқық бұзушылық фактілері белгілі болса, 102 нөмірі бойынша полицияға немесе 111 сенім телефонына хабарлау қажет.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?