Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіЖазушы әрі саясаттанушы Бақытжан Бұхарбай қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынды.
Оның пікірінше, көшеде түкіру, насыбай қолдану және қоғамдық орындарды ластау сияқты әрекеттерді тоқтатудың ең тиімді жолы – қатаң айыппұл салу. Себебі айыппұл жүйесі – әлемде қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда өзін дәлелдеген құрал.
Ол мысал ретінде Сингапурды келтірді. Бұхарбайдың сөзінше, бұл елде ең төменгі айыппұлдың өзі 500 АҚШ долларынан басталады. Сондай-ақ тазалықты сақтау мақсатында елге ашылмаған сағызды алып кіруге де тыйым салынған.
Саясаттанушының пікірінше, жасы 40–60-тан асқан адамның көліктен шығып, насыбайды немесе түкірікті жолға тастауы – қарапайым ескертумен түзелетін әрекет емес.
Мұндай жағдайда тек ескерту жасау нәтиже бермейді. Адам бір рет ірі көлемде айыппұл төлесе, мұндай әрекетті қайталамауға дағдыланады, – дейді ол.
«Әлеуметтік желілер қайғыны шоуға айналдырды»
Бақытжан Бұхарбай әлеуметтік желілердегі кейбір контент авторларын да сынға алды. Оның айтуынша, науқас балалардың тағдыры немесе адамдардың жеке қайғысы кейбір блогерлер үшін қаралым мен табыс табудың құралына айналып кеткен.
Саясаттанушы мұндай әрекеттер құқықтық әрі этикалық нормаларды бұзатынын айтып, адам қайғысын контентке айналдыру қоғамның ойлау жүйесіне кері әсер ететінін жеткізді.
Оның пікірінше, мұндай контентке мемлекеттік деңгейде құқықтық тосқауыл қою қажет.
Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қою ұсынылды
Сарапшы жастардың әлеуметтік желіге тәуелділігіне де алаңдаушылық білдірді. Ол студенттермен кездесулер барысында бір жыл ішінде бірде-бір кітап оқымаған жастардың көптігі байқалатынын айтты. Мұны саясаттанушы терең ойлау қабілетінің әлсіреуімен байланыстырады.
Бақытжан Бұхарбайдың пікірінше, балаларды виртуалды ортадан алшақтату үшін 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде тіркелуіне заң жүзінде шектеу енгізу қажет.
Сонымен қатар ол мұндай шектеулермен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру және шығармашылық орталарын көбейту маңызды екенін атап өтті.
Саясаттанушының айтуынша, бұл қадамдар жастардың нақты өмірге, білімге және сын тұрғысынан ойлауға қайта бет бұруына ықпал етеді.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы