Жаз айларында терроризм мен экстремизмге қатысты 19 адам сотталды

Жаз айларында терроризм мен экстремизмге қатысты 19 адам сотталды

Аян Қайырбаев
Фото: ҰҚК

2026 жылғы маусым-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 19 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді.

Террористік ұйымға қатысқаны үшін 8 жылға сотталды

Сотталғандардың бірі – Алматы қаласының тумасы. Ол 2017 жылдан бері халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін іздеуде болған.

Кейін ол Түркия аумағынан табылып, 2025 жылы Қазақстанға депортацияланған. Елге келгеннен кейін қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір іс бойынша Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарын зорлық-зомбылық акцияларына қатысуға шақырғаны анықталған. Сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды.

28 адам ұсталды

2026 жылғы маусым-тамыз аралығында жедел-іздестіру шаралары барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 28 адам ұсталды. Олар:

Қазір аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Құзырлы органдар терроризм мен экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ тыйым салынған идеология мен материалдардың таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз

{